Директорлар кеңесінің шешімімен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Президентінің лауазымына Суентаев Дамир Серкбаевич тағайындалды, ол 2014 жылдан бері Компанияның директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директоры болып табылады.

2020 жылы рейтингте 300 қатысушылардың арасынан 4-ші орын алып, Президенттік жастар кадрлық резервіне енгізілді.
Дамирдің 15-жылдық еңбек өтілі бар, әр түрлі жылдары «Қазына» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Даму» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Атамекен» ҰКП, «Екіншілік металлургия өнеркәсіп иелерінің республикалық одағы» ЗТБ, Қазақ гуманитарлық-заң университеті және т.с.с. ұйымдарда әкімшілік және басқарушылық лауазымдарда қызмет жасады (менеджер, бас менеджер, департамент директоры, басқарушы директор, кеңесші).

Дамир 8 жыл бойы «Қазагрогарант» АҚ, «Алматы» ӘКА» АҚ, «Қазақэкспорт» АҚ, «Қазақ мердігерлік компаниясы» АҚ, «КОРЭМ» АҚ және т.б. ұйымдарда  директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, аудит, стратегия, тәуекелдер және кадрлар бойынша комитеттің төрағасы болып табылады.

2015 жылдан бастап бизнес-ассоциацияны басқарды және жеке секторда жұмыс істеді, сондай-ақ Қазақстан машина жасаушылар одағының Төрағасы болып табылады.
2019 жылдан бері ерікті негізде Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының қалалық емханаларына корпоративтік басқару сұрақтары бойынша кеңес береді.
2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірді.
2008 жылы Т. Рысқулов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірді.
2014 РФ Президенті қарамағындағы Ресей халық шаурашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Инновациялық және жобалық менеджмент» МВА бағдарламасы бойынша бітірді.
2021 жылы Дамир Суентаев Ұлыбритания директорлар институтының Chartered Director (расталған директор) жоғары кәсіби дәрежесінің алғашқы қазақстандық болған иегері болып атанды.

Institute of directors, UK (1903 ж. құрылды) – Патшалық Хартияның негізінде басқарушылық тәжірибе, бизнестегі нәтижелер, жоғары білім және мінсіз кәсіби беделдің негізінде директор біліктілігін растауға құқысы бар әлемдегі бірден-бір ұйым.

Chartered director біліктіліктің 3-ші соңғы кезеңі (certificate және diploma кезеңдерінен кейін), директор кәсіпқойлығының жоғары деңгейінің көрсеткіші болып табылады.