Семей филиалының тарихы 1923 жылдан басталады, Қазақ КСР аумағында шектеулі қызмет саласы бар Омбы тексеру палатасының Семей бөлімшесі ашылған – өлшеу құралдарының жай-күйін қадағалау және тексеру қызметін жүзеге асыру, бірақ екі жылдан кейін бөлімше Семей губерниясы мен Жетісу облысына қызмет көрсететін дербес палата болып қайта құрылды.

Осы жылдар ішінде кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, ведомстволық құрамы өзгеріп, қызмет саласы кеңейе түсті. 1993 жылы ҚР “Сертификаттау туралы” Заңының шығуымен филиалда сертификаттау жөніндегі орган құрылды. Өлшеу және стандарттау құралдарын тексеру жұмыстарына тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін, құрылыс материалдары мен конструкцияларын сертификаттау бойынша қызметтер қосылды. Филиал Қазақстанның шығысындағы жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда филиал сертификаттау (сәйкестікті растау) және өлшеу құралдарын тексеруді маңызды бағыттар деп санайды.

Филиал сәйкестікті растау жөніндегі орган ретінде өнімдер мен қызметтердің, менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау құқығына сай аккредиттелген. Аккредиттеу саласына республикада міндетті сертификаттауға (сәйкестікті растауға) жататын өнімнің ауқымды тізбесі кіреді. Бұл жұмыстардың барлығын жұмыс тәжірибесі мол және олардың ішінде әртүрлі бағыттар бойынша аттестатталған сертификаттау саласындағы 19 сарапшы – аудитор бар біліктілігі жоғары мамандар жүзеге асырады.