- кәсіпкерлерге ұйымдар стандарттарының жобаларын әзірлеуде практикалық көмек көрсету, өнімнің каталогтық парақтарын (ӨКП), таңбалауды жасау;
- Қазақстан Республикасы ұйымдары стандарттарының жобаларын және өнімнің каталогтық парақтарын (ӨКП) бекіту алдында тексеру жүргізу;
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге республикада қолданылып жүрген Техникалық реттеу саласындағы құқықтық және нормативтік құжаттар (заңдар, Үкімет қаулылары, Кеден одағын қоса алғанда, техникалық регламенттер, Ұлттық, халықаралық, өңірлік стандарттар, қағидалар мен әдістемелер, әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар мен ұсынымдар) бойынша консультациялар жүргізу;
- стандарттау бойынша нормативтік құжаттарды өзектендіру (ҚР СТ, ҚР СТ, РСТ, ҚР, МЕМСТ, МЕМСТ Р, РМГ, ПМГ және т.б.);
- стандарттау мәселелерінде практикалық және әдістемелік көмек көрсету.